Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРІ ЖОҚ АЙМАҚ

АПАТТЫ МЕКТЕПТЕРІ ЖОҚ АЙМАҚ


    Құрылыс қарқынмен жүріп жатқан Қызылорда облысында 2017 жылы 23 мектептің құрылысы жүргізілді. 1630  орындық 15 мектеп пайдалануға берілді, олардың ішінде 13 мектеп апаттық мектептердің орнына салынған. Осылайша бүгінгі күні облыста апаттық мектептердің мәселесі толығымен шешілген.
    Облыстық білім басқармасының мәліметіне сәйкес өткен жылы оқушыларды оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз ету үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде: 2, 5, 7 сыныптарда оқитын 46 345 оқушыға жаңа оқулықтар сатып алуға 1,1 млрд теңге қаржы жұмсалды.
    Сонымен қатар, аймақтағы жалпы білім беру мектептері пәндік кабинеттермен қамтылды, оның ішінде 100 физика кабинеті, 100 химия кабинеті және 112 биология кабинеті. Барлық мектептер интерактивті тақталармен жабдықталған. Қазіргі таңда 1 компьютерге 10 оқушыдан келіп отыр. Кең жолақты интернет желісімен облыстағы 293 мектептің 207-і қамтамасыз етіліп, бұл 70,6 пайызды құрады. Барлық 293 жалпы білім беретін мектептер білім беру процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануда.
    Жазғы тынығу және сауықтырумен 2017 жылы 1-10 сынып аралығындағы 128,9 мың оқушыға немесе 95 пайызы қамтылды. Айта кетейік, облыс бойынша балалар демалысының 9 орталығы мен лагерьлері жұмыс жасайды, оның ішінде 8-і мемлекеттік болса, олардың 6-ауы жыл бойы жұмыс жасайды.
    Педагогикалық кызметкерлердің біліктілігін арттыруына ерекше назар аударылуда. 2017 жылы Қызылорда облысы бойынша біліктілік арттыру курстарынан 7610 педагогикалық қызметкер өтті. Жоғары және бірінші санатты педагогикалық қызметкерлердің үлесі жалпы педагог санынан 49,1 пайызды құрады.

09 ақпан 2018 ж. 474 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области