Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Әліппеде" кириллица қарпі қолданылады

"Әліппеде" кириллица қарпі қолданылады

Kyzylorda-news.kz. Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім орталығының директоры Манара Адамова "Әліппе" алдымен кириллица қарпімен шығарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазір біз кириллица әліпбиіне негізделген әріптерді пайдаланатын болғандықтан, сол 42 әріпке негізделген "Әліппенің" оқу бағдарламасы дайындалды. Бірақ алдымызда латын графикасына көшу мақсаты тұр. Олай болған жағдайда біз ол бағдарламаны латын әліпбиіне ауыстырамыз. Ол қатар жасалды, бағарламаның жобасы бар", - деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Бүгін білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова "Әліппе" оқулығының бекітілгенін мәлімеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта оқулықты шығару жұмыстары басталды. Бірақ алдымен оны 2021 жылдың қаңтар айында апробациядан өткізеді. Ол үшін пилоттық мектептердің тізімі бекітілді.
"Осылайша, сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында мектептерге енгізіледі. Жалпы, "Әліппе" оқулығын 2021-2022 оқу жылына енгізу жоспарланған. Осы жоспарға сай жұмыс жүргізіліп жатыр. Сосын өздеріңізге белгілі, желтоқсан айында "Әліппемен" қоштасу өткізілетін. Қазіргі принцип те соған негізделген. Одан ары қарай "Ана тіліне" көшеді ", - деп түйіндеді Каринова.
02 қараша 2020 ж. 86 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области