Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қызылордада адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды


Kyzylorda-news.kz
. Тас жолда жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған көлік жүргізушісі ұсталды.“Шымкент-Самара” тас жолындағы Тартоғай ауылының тұсында жолды кесіп өтпекші болған 48 жастағы ауыл тұрғынын Шымкент қаласына қарай кетіп бара жатқан белгісіз автокөлік қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан азаматша түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Бұл факт бойынша патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жүргiзген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Бәйгеқұм елді мекенінің тұсында жүк тасымалдайтын “Газель” автокөлігіне “Мерседес” автокөлігін тиеп кетпекші болған жүргізуші ұсталды.Тексеру барысында жол-көлік оқиғасы орын алған жерден бой тасалаған жүргізушінің Түркістан облысы Қазығұрт ауылының 24 жастағы тұрғыны екені анықталды.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
02 қараша 2020 ж. 72 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области