Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жыл басынан бері жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген

Қызылордада жыл басынан бері жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің бастамасымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық алаңында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық филиалы мен екінші деңгейлі 16 банк өкілдерінің қатысуымен дөңгелек стол өтті.

Кездесу мақсаты заңсыз қаражатты қолма қол ақшаға айналдыру, жалған ақша жасау мен терроризмді қаржыландыру әрекеттеріне тосқауыл қою бағытында өзара бірлескен іс-қимыл тетігін үйлестіру.

Дөңгелек стол басында ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы министрлігі және ҚР қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі арасындағы өзара келісімнің жекелеген талаптары талқыланды. Ұлттық валютаның қорғаныш элементтерін тану және анықтау, күмәнді банкноттар анықталған жағдайда және қаражатты қолма қол ақшаға айналдырушы тұлғалар туралы өзара ақпараттандыру бойынша ұсыныстар мен пікірлер тыңдалды.

Экономикалық тергеу органдарымен анықталған және жүргізілген жалған ақша айналымына қатысты істерге шолу жасалды. Ұлттық банк, өз тарапынан, шынайы және жалған банкноттарды айыру үшін тұрғындарға түсіндіру мақсатында жасалған баспа өнімдерін ұсынды.

Жалған ақша айналымы мен қылмыстық жолмен табылған қаражатты қолма қол ақшаға айналдыру экономикаға елеулі залал келтіріп отырған салалардың бірі. Осы орайда, еліміздің қаржы нарығын үйлестіру және бақылау тетіктерінің бірі ретінде жалған банкноттар бойынша бірыңғай база құру ұсынысы енгізілді.

Қызылорда облысы бойынша ЭТД-нің өндірісінде биылғы жылдың 8 айында жалған ақша айналымына қатысты 12 факт тіркелген. Жалған банкноттардың анықталу аумағы бойынша: «Халық Банк» АҚ-ның Қызылорда филиалынан 6 жағдай, «Сбербанк» АҚ-ның Қызылорда филиалынан 1 жағдай, азық-түлік дүкендері мен жанар-жағар май құю бекеттерінен 5 жағдай анықталған.
30 қыркүйек 2020 ж. 58 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области