Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жыл соңына дейін 5 мыңнан астам елді мекенге интернет тартылады

Жыл соңына дейін 5 мыңнан астам елді мекенге интернет тартылады

Kyzylorda-news.kz. Интернет желісін дамыту үшін екі ауқымды жоба іске ауда. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазіргі уақытта барлық қалалар және 4 500-ден астам ауыл әр түрлі технологиялар бойынша интернетпен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін жалпы 5200-ден астам елді мекен интернетке қосылады. Интернет желісін дамыту үшін елімізде екі ауқымды жоба іске асырылуда. Бірінші жоба: бұл мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы оптикалық интернетті тарту. Жоба бойынша 2,4 млн адам тұратын 1260-қа жуық ауылға интернет желісі тартылуда. Егер 2018 жылы 56 ауылға оптикалық желі тартылса, биылғы жылы оған 944 ауыл қосылып жатыр»,- деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, бұл жобаға 75 млрд тенгеге жуық инвестиция тартылған.
«Жоба аясында 3 700 мемлекеттік орган мен бюджеттік мекемелерге байланыс жеткізілді. Екінші жоба - 250 адамнан көп тұрғыны бар 928 ауылды 3G және 4G, FWA технологиясы бойынша мобильді интернетпен қамтуды көздейді. Қазіргі уақытта 72-сі мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаның орындалуы үшін операторлар төлейтін арнайы салық төлемдері төмендетілуде. Тиісті нормалар Мәжілістің екінші қарауынан өтті. Жоба аясында операторлар «Шеринг» шартына қол қойып, бір бірінің базалық станцияларын пайдалана алады», - деді ол.
30 қыркүйек 2020 ж. 55 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области