Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нұрлыбек Нәлібаев азаматтарды онлайн қабылдады

Нұрлыбек Нәлібаев азаматтарды онлайн қабылдады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Онлайн қабылдауға жүгінген тұрғындар сауалының басым бөлігі тұрғын үй, жер, жұмысқа орналасу және шағын кәсіпкерлікке байланысты.
Шаһар басшысының қабылдауына әлеуметтік мәселесін айта келген тұрғынның бірі Жамбыл Баймаханова. Зейнеткер өзінің келіні, жалғыз басты ана Алтынкүл Назароваға пәтер сұрап келген.Аталмыш азаматша тұрғын үй алу кезегіне 2012 жылдың 15 наурызында көпбалалы аналар тобына тіркелген. Тұрғынның сауалын тыңдай келе қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бүгінгі таңда кезек ретінде 19-болып тұрған Алтынкүл Құдайбергенқызына жыл соңына дейін баспана кілті табысталатынын айтты.
Жеке қабылдауға жазылған тұрғындар уақытша пәтер, өз кәсібін дамыту сынды мәселелерін де көтеріп, сауалдарына сәйкес толық жауаптарын алды.
Қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, мұң-мұқтажын ескеріп, әр мәселені егжей-тегжейлі талдаған қала әкімі көтерілген сауалдарға байланысты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті шаралар заң аясында қабылдауды сала басшыларына тапсырып, бірқатар міндеттер жүктеп, орындалу барысы өз бақылауында болатынын жеткізді.
30 қыркүйек 2020 ж. 36 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области