Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда жылу маусымына 90 пайыз дайын

Қызылорда жылу маусымына 90 пайыз дайын

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов пен шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жиын өтті.

Басқосуда қаланың өзекті мәселелері кеңінен талқыланып, оны шешу жолдары сараланды. Жиында жол, су, жарық, жылу, тұрғын үй құрылысы және тасымалдау саласы бойынша түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылды. Алдымен шаһардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстары пысықталды.

Биыл жылу беру маусымы жылдағы кестеге сай 15 қазаннан басталады деп межеленген. Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған нысандардың 90 пайызы қысқы маусымға дайын. Қалған аумақ жылу қабылдауға 10-қазан күні толығымен дайын болмақ. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов мәлім етті.

Айтуынша қала бойынша 7 кварталішілік жылу желілерінде соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар апта ішінде аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

Бұл ретте облыс әкімінің орынбасары күн райы күрт өзгеріп, бірнеше күн қатарынан сынап бағанасы төмендесе, қаланы жылумен қамту ертерек басталуы қажет екенін баса айтып, дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Отырыста ортаға салынған келесі тақырып жол құрылысы. Биыл жыл көлемінде республикалық, облыстық және жергілікті бюджет есебінен қала аумағында 200-ден аса көше күрделі, орташа жөндеуден өтуде. Халықтан келген арыз-шағымдар ескеріліп, басымдық қалаға қарасты кент және ауылдық округтерге, қаланың шет аумақтарына берілген. Қарқынды жұмыстар негізінде көптеген тұрғын жол азабынан құтылып, жаңа жолдың игілігін көруде. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл жұмыстардың алдағы жылы да қарқынды түрде жалғасатынын айтып, жыл аяғына дейін арнайы жоба дайындалып, республикаға бюджеттік өтінім берілетінін жеткізді.

Тұрғын үй құрылысының қарқыны мен сәулеттік кескіні де күн тәртібінде қаралды. Бұл ретте сала басшылары жұмыстардың жоспарға сай атқарылып жатқанын жеткізіп, межелі жұмыстар жыл соңына дейін аяқталатынын айтты. Жалпы биыл қала көлемінде 345 529 шаршы метр тұрғын пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылыстың негізгі бөлігі Сырдария өзенінің сол жағалауында.

Келелі жиында су жүйесі мен жарық желісіне қатысты мәселелер де талқыға түсіп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Жиынды қорытындылай келе қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тапсырмалардың хаттамаға сәйкес облыстық басқармалармен бірлесе атқарылуы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
29 қыркүйек 2020 ж. 40 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области