Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Карантин кезінде жұмыссыздарға төленетін төлем мөлшері өсуі мүмкін

Карантин кезінде жұмыссыздарға төленетін төлем мөлшері өсуі мүмкін

Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға жұмысынан айырылғаны үшін төленетін төлемнің мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елде карантин қайта енгізілсе, қазақстандықтар жұмысынан айырылып, табысы азаюы мүмкін. Сондықтан шұғыл және жүйелі шаралар қабылдауға дайын болуымыз қажет, деді ол.
Бұл ретте министрлік жұмыссыздарға жұмысынан айырылу бойынша төленетін төлемді арттыруды көздеп отыр.
"Карантин кезеңінде жұмыссыздар үшін жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем мен оның кезеңін арттыру туралы ұсыныстар енгізуді жоспарлап отырмыз. Енгізуіміз мүмкін", - деді Нұрымбетов мәжілістегі үкімет сағатында.
Сонымен қатар, "Жұмыспен қамту жол картасын" жалғастырып, инфрақұрылымдық жобалар арқылы жұмыс орындарын сақтау және құру шаралары, "Еңбек" бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарын көбейту, толық емес немесе қысқартылған жұмысқа көшкен жағдайда ең төменгі жалақы мөлшерінде жалақының бір бөлігін өтеу немесе субсидиялау тетігін енгізу шаралары жоспарланып отыр.
24 қыркүйек 2020 ж. 47 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области