Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңкеге қатысып, жұмысқа орналасты

Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңкеге қатысып, жұмысқа орналасты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Жәрмеңкеге 19 жұмыс беруші мекемеден 37 бос жұмыс орны ұсынылды. Қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған 10 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден электрик, сантехник, шаштараз, есепші, аспазшы мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 6 азамат «Азамат» ЖШС, «Boiashak International Developenent» ЖШС мекемелеріне жұмысшы ретінде жолдама алды.
«Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауының алдын алады. Жыл басынан 34 есептегі азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысымен 23 жұмыс орындарының квотасы бекітілген. Есептегі жұмыссыз 23 адам квотамен жұмысқа орналасты»,- деді қалалық пробация қызметі бастығының орынбасары әділет майоры Д.Балғабаев. 
24 қыркүйек 2020 ж. 39 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области