Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирустың екінші толқынында 162 мың адам

Коронавирустың екінші толқынында 162 мың адам

Kyzylorda-news.kz. Коронавирустың жаңа толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«COVID індетінің еңбек нарығы үшін қатері мен теріс әсері әлі де бар. Егер коронавирустың екінші толқыны келіп жатса және қатаң шектеу шаралары қабылданса, онда біздің бағалауымызша 2,2 млн-нан астам адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Осы жағдайда болжам бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығы немесе 4 млн адам жұмысын сақтап қалады», - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.
Оның дерегінше, негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін адамдар жұмысын сақтап қалады.
«Үштен бірі немесе 2,5 млн адам қашықтан орындалатын жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. 2 млн адамның жұмыс уақыты қысқарып, олар ақылы немесе басым бөлігі ақысыз демалысқа шығарылуы ықтимал. Бұл - бірінші кезекте сауда, көлік, тұтыну және тамақтану қызметтері саласындағы қызметкерлер. Бағалау бойынша 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін», - деді министр.
24 қыркүйек 2020 ж. 48 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области