Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қайсар» Еуропа лигасындағы алғашқы матчын өткізеді

«Қайсар» Еуропа лигасындағы алғашқы матчын өткізеді

Kyzylorda-news.kz. Бірер күннен соң Сыр бойының бас командасы кипрлік АПОЭЛ-ға қарсы ойын өткізеді. Тарихи матчқа Қайсар командасы тас түйін дайын. Командада жарақат алған ойыншылар жоқ. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен онлайн брифингте команда капитаны Асхат Тағыберген мәлімдеді.
Қызылордалық «Қайсар» 17 қыркүйекте Еуропа Лигасындағы жорығын бастайды. Қарсыласы өз елінің 28 дүркін жеңімпазы, кипрлік АПОЭЛ. Еуро додаларда жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
«Біздің команданың әлеуеті көңіл қунатады. Соңғы турларда фаворит командалармен кездесіп, әзірлікті пысықтадық.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы базада физикалық оқу-жаттығу жұмыстарын үздіксіз жүргізудеміз. Футболшыларда жарақат жоқ, барлығының алаңға шығуға мүмкіндігі бар. Жауапты ойында алаңға шығатын ойыншылар әлі нақтыланған жоқ. Құрамдағы барлық футболшылардың Еуропа лиигасында дебютті ойынға дайындықтары жоғары» – деді команданың сарапшы бапкері Қанат Шерімбетов.
«Дала қасқырлары» ел біріншілігінде 4 жеңіс, 1 тең, 2 жеңілісі бар. 13 ұпаймен төртінші орында келеді. Ал «Қайсардың» қарсыласы АПОЭЛ өз чемпионатында 3 матч өткізіп, 4 ұпаймен 7-ші орында.
16 қыркүйек 2020 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области