Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл тұмау мен коронавирус қатар жүреді, босаңсуға болмайды – дәрігер

Биыл тұмау мен коронавирус қатар жүреді, босаңсуға болмайды – дәрігер

Kyzylorda-news.kz. Солтүстік Қазақстан облысында санитария дәрігерлері биыл тұмау мен коронавирус инфекциясының қатар жүретінін ескертіп, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап өңірде тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Тек бір күннің ішінде 3 мыңға жуық адам вакцинациядан өтті.
Мамандардың айтуынша, коронавирустық инфекция бастапқы кезеңінде вирустық инфекцияға ұқсас келеді. Уақыт өте келе айырмашылықтары шығады. Әдетте суық тигенде дене қызуы көтеріледі, мұрыннан су ағып, түшкіреді, тамағы ауырады. Ал коронавирусты инфекцияда дене қызуы қатты көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болады.
«Коронавирусты жұқтырғанда әлсіздік болып, сүйек сырқырауы мүмкін. Тамақ ауырып, демалу қиындайды. Бас ауырады. Тұмаудан тағы бір өзгешелігі – дәм мен иіс сезбейді. Жедел респираторлы вирустық инфекция 3 күннен бір аптаға дейін созылса, қауіпті ауруда ол 14 күннен 3 аптаға дейін жүруі мүмкін.
Маусымдық тұмау бірден жоғары температурадан басталады. Бас ауырып, буындар мен сүйектер сырқырап ауырады. Жөтел мүлде болмауы да мүмкін. Тұмауда бұл жағдай әдетте 5 күнге ғана созылады», – дейді СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.
Санитария дәрігерінің айтуынша, тұмауды емдеуге вирусқа қарсы осельтамивир және занамивир препараттары қолданылады екен. Облыстың емдеу мекемелерінде қазір 2037 қаптама осындай дәрі бар.
«Биыл жедел респираторлық вирустық инфекциялардың басталуы коронавирусты инфекцияның таралуымен тұспа-тұс келмекші. Сол себепті босаңсымау керек. Коронавирусты жеңгеніміз жоқ, вирус бар. Оны біз ғана емес, әлемнің ешқандай мемлекеті жеңе алмай отыр. ЖРВИ, тұмау және коронавирусты инфекцияның алдын алудың ең оңай жолы – маска тағу. Масканы ауырғандар ғана емес, сау адамдар да тағуы тиіс. Сонай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтап, бөлмелерді жиі желдетіп тұрған жөн. Қолды сабындап жуу, мұрынды әлсіз тұзды сумен шаю және дұрыс тамақтанып, полидәрумендер ішу – жұқпалы аурулармен күресте сеп», – дейді Татьяна Горлова.

15 қыркүйек 2020 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области