Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

«Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолын жөндеу жұмыстары басталады

Kyzylorda-news.kz. Ұзақ жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселе – «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы тас жолының жағдайы. Қазір бұл бағытта мамандар тарапынан техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-зерттеу жұмыстары қолға алынды.

Бұл жөнінде өңірлік коммуника­циялар қызметінде өткен брифингте облыс әкі­мінің орынбасары Серік Сү­лейменов мәлім етті. Пре­зидент Жолдауында айтылған міндеттер мен одан туындаған жоспарлар жөнінде кеңінен айтылды.

Жолдауда халықты тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне баса назар ауда­рыл­ған. Ендігі кезекте тұр­ғын үй бағасының 10 млн теңгеден қымбат болмауы қада­ғалана­ды. Салынған әр көп­қабатты тұрғын үй құнының тең жар­тысы мемлекет есебінен суб­сидияланатын болады.

Қазір облыс көлемінде 3398 шақырымға созылатын ав­токөлік жолы бар. Оның ішінде 1016 шақырымы рес­пуб­ликалық, қалған бөлігі – облыстық және аудандық дең­гейдегі жолдар. Биыл жол жөндеу мақсатында барлық қаржы көзінен 19 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Нәтижесінде ұзындығы 488 шақырымды құрайтын авто­көлік жолы, көшелер мен жо­лаушылар өткелі жөнде­луде.

Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жол­дары басқармасының бас­шысы Мұрат Тлеумбетов 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағ­дарламасы шеңберінде жер­гілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге жалпы құ­ны 46 млрд теңге болатын 79 жоба енгізілгенін айтып өтті. Жыл соңына дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 69 процентін жақсы және қана­ғат­танарлық деңгейге жеткізу жос­парлануда.

15 қыркүйек 2020 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области