Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық футбол фристайлшысы онлайн жарыстың жеңімпазы атанды

Қызылордалық футбол фристайлшысы онлайн жарыстың жеңімпазы атанды

Kyzylorda-news.kz. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде футбол фристайлынан Қызылорда облысының жекелей жарысы өтті.
Екінші мəрте ұйымдастырылған тартысты жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 15-16 жəне 18 жастан жоғары 25 спортшы қатысты.
Жарыс нəтижесінде 18 жастан жоғары спортшылар арасында Мейіржан Əбішбековке тең келер ешкім болмады.
Ол 20 минут үздіксіз допты жерге түсірмей, қарсыластарынан басым түсті. Мейіржанның бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 4 жылдай уақыт болды. Бұл ойынды ол əлемдік деңгейдегі фристайлшы Сиан Гарньерге қарап үйренген. Жас фристайлшы Қазақ спорт жəне туризм Академиясының 2-курс студенті. Оның мақсаты – келешекте футбол мектебін ашып, жас жеткіншектерді осы спорт түріне баулу.
Сырдария ауданының спортшылары Мұхтар Əбжапбаров екінші, Даулет Шакратов үшінші орындарды иеленді.
15-16 жас аралығында қазалылық Диас Жұмағұлов чемпион атанса, Жалағаш спортшылары Азиз Махмуд – күміс, Диас Сағымбай – қола жүлделерге қол жеткізді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, естелік сыйлықтар берілді.
15 қыркүйек 2020 ж. 11 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области