Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 17 548 гектар күріш орылды

Қызылордада 17 548 гектар күріш орылды

Kyzylorda-news.kz. Облыста бүгінгі күнге дейін 17 548 гектар күріш орылды. Оның 10 425 гектары бастырылды. Әр гектарынан орташа 47,8 центнерден өнім алынуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Айнұр Тлеулеева баяндады.
«Егілген күріштен жоғары өнім алу мақсатында күріш егісіне 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқымдар себілді. 67,5 мың гектар егіс тыңайтқыштармен үстеп қоректендіріліп, 65,6 мың гектары арам шөптерге қарсы өңделді. Жанар-жағармайдан мәселе жоқ. Егін жинау жұмыстарына 1640 дана трактор, 843 дана комбайн, 458 дана жатка, 308 дана жүк көлігі және 764 дана трактор тіркемесі қатысуда », – деді Айнұр Маратқызы.
Айта кетейік, Сыр салысы 89,5 мың гектарға егілген. Егін жинау жұмыстары 15-ші қазанда аяқталатын болады.
11 қыркүйек 2020 ж. 142 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области