Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жылу маусымына дайындық барысы пысықталды

Қызылордада жылу маусымына дайындық барысы пысықталды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жылу беру маусымына дайындық мәселесіне қатысты облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетовті қабылдады.

Облыс әкіміне сала басшысы жылыту маусымына дайындық барысы мен коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын баяндады.
Жылыту кезінде отын қорын жеткізу мәселесі өзекті. Аймақта алдағы жылу беру маусымында 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Бүгінде тұрғындарға қажетті 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау жұмыстары басталған.

Сала басшысы қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалғанын жеткізді. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70% құрайды.

Айту керек, өңірде жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары да қарқын алды. Мәселен, «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылды.
Қабылдау барысында аймақ басшысы әлеуметтік нысандарға жүргізілетін жылыту жұмыстары бойынша есепті тыңдады. Биыл өңірде 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалған. Оның ішінде 432 білім беру нысаны, 312 мәдениет саласының нысаны, 247 денсаулық сақтау нысаны, 460 кіші қазандықтардың жөндеу жұмыстары атқарылды. Сондай-ақ, облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жоспарланған.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жылыту маусымы кезеңіне дейін қажетті шараларды кезең-кезеңімен іске асырып, жылу жүйелері талапқа сай уақытылы дайын болу керектігін тапсырды. Бұл ретте қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.
19 тамыз 2020 ж. 97 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области