Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Асқар Мамин тапсырма берді

Кредит төлемі кейінге шегеріледі: Асқар Мамин тапсырма берді

Kyzylorda-news.kz. Карантиннен зардап шеккен кәсіпкерлерге осы жылдың қазанына дейін кредит төлемдерін кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Sputnik.
Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында айтылды. Жиында президенттің карантинді ұзарту және одан кейінгі кезеңге дайындалуға қатысты берген тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
Үкімет басшысы алдағы екі апта ішінде өз қызметін уақытша тоқтатқан экономика салаларының қызметін қалпына келтіру бойынша жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен, «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлерге қолдау көрсету шараларын әзірлейді.
«Ең көп зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шарасы ретінде несие төлемдерін осы жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімге кейінге қалдыру мүмкіндігі ұсынылады», – деп хабарлады сайт.
Премьер бизнес субъектілерінің қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітуді, сондай-ақ, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық ережелерді сақтауына тиісті бақылау жасауды тапсырды.
Кәсіпорынның жұмысына салынған тыйымды алып тастау алгоритмі кәсіпкерлерді тіркеуді және «Info Kazakhstan» электронды платформасында қызметті қайта бастауға өтінімдер қабылдауды қамтиды. Әкімдік, СЭҚ, өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен жұртшылық өкілдерінен құралған комиссия тексеріс жүргізгеннен кейін, бизнес субъектілеріне қызметін қайта бастауға электронды рұқсат беріледі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне індеттің алдын алу және ақпараттандыруды арттыру бойынша мобильді қосымшалар енгізу тапсырылды.
30 шілде 2020 ж. 11 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области