Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі қолданысқа енгізілді

Қызылордада қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі қолданысқа енгізілді

Kyzylorda-news.kz. Сыр елінде қоғамдық көліктерге электрондық билеттің жүйесі енгізілді. Яғни 89 автобусқа электронды билет жүйесінің терминалы мен валидаторы орнатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов мәлімдеді.
«Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша шаһарда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды түрде жолақысын төлеу бойынша жұмыстар атқарылуда. Яғни 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап қалалық машруттарда сараланған тариф енгізіледі. Қолма-қол төлем-120 теңге, ал электронды төлем – 90 теңгені құрайтын болады»,-деді Мұрат Жолкелдіұлы.
Сала басшысы өз сөзінде «Қызылорда-Ташкент» бағытына халықаралық 1 автобус маршруты, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты ұйымдастырылғанын айтты. Аталған машруттарда әр түрлі сыйымдылықтағы 1303 автобус қызмет көрсетуде. Оның 109-ы облысаралық, 266-ы ауданаралық, 292-сі ауданішілік, 636-сы қала және қаламаңына қатынайтын автобус.
Бұған қоса, облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен елді мекендерге әлеуметтік мәні бар маршруттар ұйымдастырылды. Оларға облыстық бюджет есебінен субсидия қаралып, жолақысы халыққа қолайлы, төменгі деңгейде.
30 шілде 2020 ж. 13 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области