Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шамшидин Амитов: Мешіттер, мал сою және сату орындары бақылауға алынады

Шамшидин Амитов: Мешіттер, мал сою және сату орындары бақылауға алынады

Kyzylorda-news.kz. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес көшелерде, мешіттер маңында мал союға тыйым салынған. Қазіргі таңда Құрбан шалу рәсімін өткізу, арнайы әлеуметтік желі арқылы онлайн тапсырыс беру форматында жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Қызылорда облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Шамшидин Амитов мәлімдеді.

«Полиция кешенді күштерімен облыста орналасқан мешіттер мен мал сату және арнайы мал сою орындары бақылауға алынып, карантин режимін бұзғандарға тиісті шаралар көрілетін болады», – деді Шамшидин Амитов.

Онлайн тапсырыспен алынған құрбандық мал Белкөл кенті,
Көкжиде көшесі 56 үйде орналасқан қасапханада сойылып, мұқтаж жандардың
үйлеріне жеткізілетін болады.

Айта кетейік, облыс орталығында мал союға арнайы орындар дайындалған. Атап айтар болсақ,

Белкөл кенті «Ақбарыс» цехы;
Белкөл кенті «Уақ мал» цехы;
Белкөл кенті Абай шаруашылығы;
Эдельвейс «Саламат Агро» цехы;
Шаңхайм/а «Нұржан» цехы;
КБИ м/а Жаппасбай батыр көшесі «Смағұл» цехы;
ЦКЗ Түб. Аураханасы маңы «Шәріпбай-Көмекбай цехы».
30 шілде 2020 ж. 16 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области