Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бас мүфти барша қазақстандықтарды арапа күні бесін намазда бір мезетте дұға етуге шақырды

Бас мүфти барша қазақстандықтарды арапа күні бесін намазда бір мезетте дұға етуге шақырды

Kyzylorda-news.kz. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша дін ғұламалары мен қариларды, мұсылман қауымын бірлесіп дұға етуге шақырды. Бас мүфти арапа күні бесін намаз уақытында бір мезетте Алладан дұға етуді сұрайды.
Арапа күнінің қасиеті мен сауабы жайлы біршама дін ғалымдары айтып кеткен. Бұл күннің қайыры туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) атап өткен.
«Арапа күні ораза тұтушыға Адам пайғамбардан Қиямет сырнайы үрленгенге дейін өмір сүрген бүкіл адамдар санының екі есесіндей сауап жазылады» деген. Өткен жылғы және келер жылғы күнәлар кешірілетінін де ескерткен. Бұл күні мұмылмандар ауыз бекітіп, ораза ұстайды. Күнді құлшылықпен өткізсе, таудай сауап алады.
Әзірет Әлидің «Алла тағала дәл арапа күніндегідей еш уақытта көп адамды тозақ отынан азат етпейді», деген хадисі бар.
Көптің тілеуі қабыл болады дейді қазақ. Осы ретте Бас мүфти еліміздің тыныштығы мен халық амандығы үшін бірлесіп дұға етуді сұрайды. Бүгін, яғни 30 шілде күні бесін намазы уақытында бір мезетте көп болып Алладан дұға жасауға асығайық.
Айта кетейік, бесін намазының уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 13-26-ға сәйкес келеді.
30 шілде 2020 ж. 14 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области