Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Коронавирусты емдеймін» – қызылордалық емші туралы дәрігер пікірі

Коронавирусты емдеймін» – қызылордалық емші туралы дәрігер пікірі

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында өзін емшімін деп таныстырған Кенжебай Тоғызбаевтың «адамдарды коронавирус пен пневмониядан бір минутта емдеп шығарамын» деген бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz.
Емшінің емдеу процесі адам шошытарлық. Тарап жатқан жазбаларда Кенжебай Тоғызбаев науқастанғандарды жатқызып қойып, адамдардың арқасын аяқпен басып береді. Дертті дәрісіз жазамын деген азамат тіпті өзіне қасиет дарығанын айтады.
«Карантин қыру үшін ғой. Ал мен болсам, тірі қалдыру үшін жұмыс жасап жатырмын. Кешегі күннің өзінде 200-ден артық адам келіп кетті. Медицина мен біздің көзқарасымыз сәйкес келмейді», – дейді Кенжебай Тоғызбаев.
Індетке шалдыққандарға дәрісіз шипа беремін деген Кенжебай Тоғызбаевтың үйі адамға толы. Емшіден жәрдем сұраған жандар еліміздің әр түпкірінен келіпті. Ем іздеп келгендердің ешқайсысы медициналық маска тақпаған. Ал бұрын инженер болып жұмыс жасаған, медициналық білімі жоқ 70 жастағы Кенжебай қария әлемді әбігерге түсірген індетті үйінде отырып емдеп жатыр.
Ал медициналық қызметкерлер емшіден емделу жағдайды ушықтыратынын айтты.
«Халықтың арасында наным-сенім көп. Халық емшісіне барады. Емшілерден емделдім деп асқындырып алып жатқан адамдар бар. Емшілер емдемейді», – дейді дәрігер Руслан Төлебаев.
30 шілде 2020 ж. 29 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области