Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

Қызылордада пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

Kyzylorda-news.kz Арал аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Аудандық жұмыспен қамту бөлімі, пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын онлайн негізінде жүргізді.
Жуырда 2019 жылдан бері пробация есебінде тұратын азамат аталған курсты онлайн негізінде оқып, сертификат алды. Ол бұған дейін жиһаз өңдеу жұмысымен айналысып келген.
«Жеке кәсібімді ашқым келетінін айтып, пробация инспекторларына өтінішімді жеткіздім. Жасап жүрген кәсібімді одан әрі дамытсам деген мақсатым болды. Міне, «Кәсіпкерлік негіздері» курсын онлайн оқып сертификат та алдым. Кәсібін енді бастап жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін 530 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиені күтіп отырмын. Кәсібіме қажетті құрал-саймандарды алсам деген ойым бар. Кәсібімді ашып, ескі жиһаздарды жаңалауға, үй жиһаздарына тапсырыстар қабылдаймын. Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға мемлекеттің беріп отырған осы мүмкіндігін уақыт жоғалтпай тиімді пайдалануымыз қажет», - деді есептегі азамат.
Сонымен қатар пробация есебіндегі тағы бір азамат мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып, мал бордақылау цехын ашты. Қазіргі таңда ол өз кәсібін дөңгелетуде.
30 шілде 2020 ж. 182 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области