Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жылу беру маусымына дайындық басталды

Қызылордада жылу беру маусымына дайындық басталды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жылу беру маусымында әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарды 163,6 мың тонна көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабекова мәлімдеді.
«Бүгінде облысқа 7,0 мың тонна көмір әкелінді. Ал әлеуметтік нысандарға қажетті отын қорын жеткізуші мекемелермен келісім-шарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілді. Қазіргі таңда, 1185 әлеуметтік нысанның қазандықтарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында 10 жоба жүзеге асырылуда. Яғни 7 дана қазандық және 3,6 шақырым жылу желілері жаңғыртылуда»,-деді Қыдыркүл Нұрабайқызы.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1,5 шақырым магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмыстары атқарылып, 66 пайызы орындалды.
«Аймақта көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін мекемелермен тікелей келісім шарт жасалды. Яғни қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында»,-деді Қыдыркүл Нұрабайқызы.
28 шілде 2020 ж. 94 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области