Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшылық егіншілер су тапшылығын көріп жатыр

Қармақшылық егіншілер су тапшылығын көріп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Б. Жаханов пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С. Нұрымбетов жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барды.
Жұмыс барысында Сырдария өзеніндегі су мөлшерінің төмен болуына байланысты Қармақшы ауданын суармалы сумен қамтамасыз ететін «Сол жаға» магистральды каналының 420-бекетінде болды. Облыстық су шаруашылығы мекемесіне каналдағы судың жоспарлы көлемде берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Одан әрі Құрайлы каналы бойынан су алатын «Тұрмағамбет» ЖШС-ның егістіктерінде болып, егістің судан қалу қаупі бар жерлерімен танысып, суды тиімді әрі ысырапсыз пайдаланумен қатар қашыртқы суға насос қондырғыларын орнату жұмыстарына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, аудан әкімі мен су шаруашылығы мекемесіне қашыртқы суын қайта пайдалану мақсатында Батыс-Қармақшы қашыртқысын Қурайлы каналына қосу жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыс көлемін анықтап, тез арада дайындауды тапсырды.
14 шілде 2020 ж. 170 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области