Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Елбасымен кездесу қазақ тіліне құлшынысымды арттырды

Елбасымен кездесу қазақ тіліне құлшынысымды арттырды

Kyzylorda-news.kz. Мен – қойнауы тарихқа толы Сыр өңірінің тумасымын. Орыс мектебінде оқысам да, ел-жұртпен араласып жүріп-ақ қазақшаны үйреніп алдым. Бұл мақтанғаным емес, дегенмен тіл үйренудің алғашқы әдістердің бірі деп ойлаймын.
Соның арқасында жоғары оқу орнына түскенде қазақ тобында білім алдым. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тәрбиесін бойыма жиып, қазақ ақындарының өлеңдерімен сусындап, тілдік қорымды арттырдым десем артық айтқандық емес.
2007 жылы Сыр өңіріне Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев келгенде, бүкіл облыс жастарының атынан сөз сөйлеу мәртебесіне ие болдым. Сол кездегі Елбасының «Жарайсың, Елена, қазақ тілінде кейбір қазақтардан артық сөйлейсің» көрсеткен ілтипаты менің бүкіл тағдырымды өзгертті деуге толық негіз бар. Патриоттық сезімім одан әрі дамып, қазақ тілін жоғары деңгейде меңгеруге құлшынысым оянды. 5 жылдан астам уақыт өңірде белгілі қалалық телеарнада жұмыс жасадым. Халық арасында танымал бола бастадым. Енді міне, Елбасының тікелей бастамасымен ашылған болашақ зиялыларды дайындайтын халықаралық деңгейдегі үш тілде оқытатын Зияткерлік мектебінде 6 жылға жуық уақыт баспасөз хатшысы қызметін атқарып келемін.

Қазақ тілі менің қоғамдағы өз орнымды табуға ғана емес, өмірлік серігімді кездестіруге үлкен септігін тигізді. Жолдасым өзге ұлт болғанымен қазақ тілінде еркін сөйлеп, өз ойын жеткізе алады. Отбасымызда өзара қазақ тілінде тілдесіп отыратын кездер көп. Оның үстіне тұңғышымызды жастайынан қазақша білсін деп, қазақ тілді балабақшаға беруді жөн санадық, осылайша мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге азда болсада өз үлесімізді отбасымызбен қосып келеміз.
Бауыржан Момышұлы: «Тілін білмеген – түбін білмейді» дейді. «Еліңді сүйсең ерлік істейсің» дейді дана халқымыз бекер айтпаса керек. Ендеше, барлығымыз Ұлтаралық қатынасымызды қазақ тілінде арттыруымыз қажет деп есептеймін.

Елена РЫБИНА,
Қызылорда облысындағы ҚХА мүшесі,
Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің Баспасөз хатшысы
01 шілде 2020 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области