Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жазасын өтеушілер аттестат алды

Қызылордада жазасын өтеушілер аттестат алды

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада ЗК-169/4 қауіпсіздігі төмен мекемесінде жазасын өтеп жүрген 5 азамат аттестат алды.
Бұл азаматтар Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдерінен білім алды.
Шараға кешкі білім беру ұйымының директоры Ерімбет Қалдыбек және сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысын жүргізу тобының бастығы, әділет капитаны Қанат Дайрабаев қатысты. Олар аттестат алған азаматтарды құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтижелер көрсеткен сотталғандарды мақтау қағаздарымен марапаттады.
«Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғандығым үшін жазамды өтеудемін. Осының салдарынан орта білімім де жоқ болатын. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Сол мектеп ұстаздарының табанды еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын аттестат алып отырмын. Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғысымды білдіремін», - дейді жазасын өтеуші.

15 маусым 2020 ж. 206 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области