Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Балалардың белгіленбеген жерде суға түсуі азаяр емес (ФОТО)

Қызылорда: Балалардың белгіленбеген жерде суға түсуі азаяр емес (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында жыл басынан бері суға батып кетудің 2 жағдайы тіркеліп, қайғылы оқиға орын алды.
Осыған орай, қала әкімдігі суға шомылу маусымында қала аумағындағы су айдындарында қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Ағымдағы жылдың 2 маусымында қала әкімдігімен бекітілген Қызылорда қаласы аумағында суға шомылу маусымына орай Сырдария өзені бойындағы қауіпті аймақтарда қауіптің алдын алу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес, қала әкімдігі, қалалық полиция басқармасы, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп Сырдария өзенінің қауіпті саналатын аймақтары мен су айдындарында суға түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында рейд жұмыстары жүргізілуде.
Рейдтік аралау жұмыстары барысында қала аумағында жақын орналасқан суға түсуге қолайлы Сырдария өзенінің бойы, Көксу, Шіркейлі, Жаңадария, ПМК-29 саяжайы және Сталинск каналдары қамтылуда.
Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына қарама-қарсы орналасқан «Қалғандария» көлінде балалардың белгіленбеген орындарда суға түсу жағдайлары байқалып, оларға ескертпе үн парақтары таратылды.
Қала әкімдігі оқыс жағдайларды болдырмау және алдын алу бағытында қала тұрғындары мен қонақтарына суға шомылу кезінде қауіпсіздік ережерін қатаң сақтап, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.






10 маусым 2020 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области