Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада ауласына сора өсімдігін еккен азамат ұсталды

Қызылордада ауласына сора өсімдігін еккен азамат ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Аймақта өткізіліп жатқан «Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі затына ұқсас өсімдікті өз үйінің ауласында заңсыз егіп-өсірген 46 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы қызметкерлері қарап-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 33 түп заңмен тыйым салынған сора өсімдігіне ұқсас шөпті анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге алынған өсімдіктер құрамында есірткі заттары бар 2389,98 грамм сора тұқымдас есірткі өсімдігі табылады.
Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Күдікті Қызылорда қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.
«Қарасора-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы қызылордалық полицейлер 15 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның 8 дерегі есірткі егіп-баптау деректері.
09 маусым 2020 ж. 270 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области