Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада шаңды дауыл болады

Қызылордада шаңды дауыл болады

Kyzylorda-news.kz. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 5 маусымда Қазақстан өңірлерінде құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің тек оңтүстігі мен солтүстігі әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кейбір өңірлерде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан облысында желдің күші күндіз 23-28 м/с артады. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.
Түркістан, күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында шаңды дауыл болжанады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз дауыл, бұршақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында түнде және таңертең тұман болады. Кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады. Қызылорда облысында, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
05 маусым 2020 ж. 88 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области