Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық полицейлер балалар ауруханасына асхана жабдықтарын тарту етті

Қызылордалық полицейлер балалар ауруханасына асхана жабдықтарын тарту етті

Kyzylorda-news.kz. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан “Балаларға жылу сыйла” атты қайырылымдық іс-шарасын ұйымдастырды.

Сыр сақшылары көпсалалы облыстық балалар ауруханасының 1-педиатрия бөліміне барды. Бұл бөлімде эндокринологиялық және неврологиялық аурулармен ауыратын балалар ем қабылдайды. Жалпы бөлім 20 адамға арналған, мұнда жылына 1500-ге жуық бала ем алады.

Бектөре Сұлтанмен ұйымдастырылған бұл игі шараның мақсаты – балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

Шара барысында департамент басшылығы Ардагерлер кеңесінің және жеке құрам атынан облыстық балалар ауруханасы бөлімшесінің асханасына қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты.

Сонымен қатар, департамент басшысының орынбасары Пазылбек Налибаев мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбол Тұңғышбаев балаларға жылы лебіздерін білдіріп, тәттілер мен сыйлықтар таратты. Балалар ауруханасының басшылығы бүлдіршіндерге мерекелік көңіл күй сыйлаған тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

01 маусым 2020 ж. 222 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области