Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада орман және дала өртінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Қызылордада орман және дала өртінің алдын алу жұмыстары жүріп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Облыста 3 наурыздан бастап орман және дала өртінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов мәлімдеді.
"Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқаруда. Соңғы 2 жылда облыстық бюджеттен орман шаруашылығы мекемелеріне 3 дана өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды. Сондай-ақ,басқармаға қарасты 8 орман шаруашылығы мекемесінде 9 өрт сөндіру автокөлігі, 78 дана байланыс құралдары, 26 қосымша тіркемелері бар тракторлар өрт маусымына дайындалып, жабдықталған",-деді Бауыржан Серікұлы.
Ал ауылдық елді мекендерде орман және дала өрттерін сөндіру мақсатында ауылдық огруг әкімдіктері жанынан 1 971 адамнан құрылған 172 ерікті өртке қарсы құрылымы жұмыс жасауда.
Оның құрамында 7 өрт сөндіру автокөлігі және 373 бейімделген техникасы мен 20 мотопомпасы бар.
29 мамыр 2020 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области