Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазалы ауданында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесіне жөндеу жұмыстары басталды.
Жол жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 102,2 млн теңге қаржы бөлінді.
Қазіргі таңда, «Қазалы Жолшы» ЖШС-ның жұмысшылары кенттегі басты көшенің қатты бұзылған учаскелерінің асфальт қабатын қырып жатыр. Мұнан соң қиыршық тас пен гравилі құм қоспасы араласқан материал төсеп, 2 қабатты асфальт салуды бастайды. Сонымен қатар, көшелер қиылысына асфальт төсеу, жол жабындары бекіту (обочина), жол белгілерін орнатып, жолақтар сызу жұмыстарын жүргізетін болады.
Айта кетейік, аудандағы жолдарды жөндеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мәселен өткен жылы Әйтеке би кентінде Жалаңтөс батыр, С.Сүлейменов, Жетес би, Мағзаман әулие және Ж.Аймауытов сияқты 5 көше жөндеуден өтті.
Ал, осы жылы М.Ғабдуллин, Қ.Сәтбаев, Р.Бағланова көшелеріне қайта жаңғырту, Ә.Тыныбаев, Желтоқсан, Төле би, Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал, Б.Нұрпейісов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

27 мамыр 2020 ж. 192 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области