Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ІС ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

ЖОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЖҮЙЕЛІ ІС ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ


    Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде ҚАЖ Комитеті төрағасының бірінші  орынбасары, әділет полковнигі  Б.Төремұратовтың қатысуымен сала қызметін қорытындылауға арналған кеңес өткізілді.
    Кеңеске Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме басшылары, РГП «Еңбек-Кызылорда» филиалының директоры Е.Төребеков, Қызылорда облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Ф.Ұзақов, қалалық және аудандық пробация қызметтерінің бөлім басшылары, департаменттің жеке құрам қызметкерлері қатысты.
    Кеңесте Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ғ.Отарбаев  Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауының 10 бағыты бойынша  баяндама жасады.  Ғанибек Сырмағанбетұлы өз баяндамасында  2017 жылдағы жедел- қызметтік жұмыстың нәтижелері, мекемелердегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстарға және  пробация қызметінің жұмысына кеңінен тоқталды.  Сонымен қатар мекемеде жазасын өтеушілердің еңбегін ұйымдастыру, сотталғандарды пайдалы жұмыспен, ақылы еңбекпен қамту мәселелері шешімін тапқанын атап өтті.
    100 нақты  қадам - Ұлт жоспарының 33 қадамын орындау барысында Қызылорда облыстық әкімшілігі, облыстық прокуратура,  облыстық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі арасындағы меморандум аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға бағыттау, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсету үшін пробация үйі ашылып,  оларға жан-жақты көмек көрсетілуде.
    ҚАЖ Комитеті төрағасының бірінші  орынбасары, әділет полковнигі  Б.Төремұратов өткен жылы ҚАЖ мекемелерде  ауқымды жұмыстардың жүргізілгенін атап өтіп,  мекеме басшыларына, барлық қызметтеріне   Елбасының Жолдауындағы шешуге тиіс міндеттер аясында тиісті жұмыстарды атқаруды жүктеді.  Негізі жетінші бағыт бойынша жеке құрам қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін, біліктіліктерін  арттыру, Жолдаудың жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін іске асыру  бағыты бойынша атқарылатын жұмыс жоспарын дайындау жөнінде  тапсырма берді.

29 қаңтар 2018 ж. 739 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области