Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қызылордада қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Kyzylorda-news.kz.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық Кеңес мүшелері азаматтарымыздың қауіпсіз қызмет алуы үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында халыққа қызмет көрсету орталықтары алдында турникеттер қойылып, арнайы белгілер жасалғаны, қызметкерлер қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілгені анықталды. Десек те, кейбір мәселелерге орай ескертпелер мен ұсыныстар берілді.
Атап айтар болсақ,
- белгіленген орындарда өз кезегін күтіп тұрған тұрғындар арасындағы қауіпсіз арақашықтың сақталуын бақылауға алу;
- орталықтың фойесінде бетперделік режим толық сақталуын қамтамасыз ету;
-тұрғындардан құжат қабылдап отырған мамандарды антисептикалық құралдармен және қолғаптармен қамтамасыз ету.
Мониторинг жұмыстары барысында кезекте тұрған тұрғындар өз-өзіне қызмет көрсету секторларын қаланың бірқатар жерлерінде қосымша орнату және орталық жұмыс істеу уақытын ұзарту жөнінде ұсыныстарын берді.
Комиссия тарапынан барлық мәселелер назарға алынып, орталық басшысына ескертулер жасалды.
Сонымен қатар, қызмет алушы тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау және көп шоғырлануды болдырмау мақсатында қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтер тек алдын ала брондау бойынша көрсетілетіні туралы түсіндірілді
Атап өту керек «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қоғамдық көліктерге, банктер мен «ҚазПошта» АҚ-ның ғимараттарындағы сантиралық, қауіпсіздік жұмыстарына мониторинг жүргізіп анықталған кемшіліктерді түзетуге қатысты ұсыныстар берді.


22 мамыр 2020 ж. 19 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области