Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Телефонға телміріп, соқыр болған балалардың саны көбейіп жатыр

Телефонға телміріп, соқыр болған балалардың саны көбейіп жатыр

Kyzylorda-news.kz. Мамандар мұндай балалардың қатары көбейгенін айтады.
Смартфонға кірпік қақпай қарап отырғаннан көздің қарашығы бұзылады дейді дәрігерлер. Қазір балаларға арналған көзәйнектердің қалыңдығы 70 жастағы қарттардыкімен бірдей.
«Балалардың көздері құрғайды. Кейін қызарады, қайта-қайта көздерін уқалай береді. Балаларға бірдеңе көрсетейін десең, олар үңіліп қарайды, ал бұл баланың жүйкесін де жұқартады. Өйткені ұялы телефоннан, экраннан келетін радиотолқындар миының ауытқуына әкеледі. Бұдан туындайтын аурулар көп. Егерде сіздің аккомадацияңыз бұзылса, сіз алыстан нашар көре бастайсыз. Әрі қарай дәрімен емделмесеңіз, көз алыстан көру қабілетінен айырылады», – дейдіКөз дәрігері Рашида Аужанова.
Смартфондарға телмірудің нәтижесінде, баланың ойлау, есте сақтау, баланың қабылдау деген қабілеттерін төмендетеді. Мінез-құлыққа кері әсер етеді. Өйткені адам қызыл, сары, жасыл, түрлі түсті жыбырлап шыға беретін суреттерге әуес болады. Жүйкесі жұқарғанын байқамайды. Интернетке тәуелді балалардың 80 проценті мамандардың көмегіне жүгінеді.
23 мамыр 2020 ж. 21 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области