Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

COVID-19: Бүгін жаңадан 7 жағдай тіркелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Ал сауығып шыққандар саны - 219. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
«Жаңадан 7 дерек тіркелді. Оның төртеуі- коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі – көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда», - деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған – 3695 азамат анықталды. Оның ішінде, 2051-і жақын қарым-қатынаста, 1644-і жанама байланыста болған.
Құрметті облыс тұрғындары, статистикаға қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда сақтық шараларын қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.
22 мамыр 2020 ж. 13 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области