Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада автокөлікке электр бағаны құлады

Қызылордада автокөлікке электр бағаны құлады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында автокөлікке электр бағаны құлады, деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
21 мамыр күні сағат 14:18-де Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына Ғ.Мүсірепов көшесі 20 үй, 5 қабатты тұрғын үйдің ауласында жүріп бара жатқан «Газель» (бортты) маркалы автокөлігіне белгісіз себептермен электр бағанасы құлап кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті.
Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы мен Полициия департаментінің Жедел тергеу тобы, жедел-жәрдем бригадасы және «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ қызметкерлері оқиға орнына келіп жетті.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар «Газель» автокөлігіне электр тогы жүргізілген бағана құлап, басып қалғандығын, көлікті басқарған 1969 жылы туылған Қызылорда қаласының тумасы «Автошкола» ЖШС-нің жүргізушісі екені анықталды. Оқиға орнының аумағы лентамен қоршалды, электрмен жабдықтаушылар бағананы токтан ажыратқаннан кейін, құтқарушылар оны қауіпсіз жерге көшірді», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысты Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Саид Молдақараев барлық қала тұрғындары мен қонақтарынан көліктерін арнайы белгіленген орындарға қоюын жеткізді.
22 мамыр 2020 ж. 16 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области