Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

Қызылорда: Шалғай ауылдарға жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

Kyzylorda-news.kz. Елімізде жыл соңына дейін 250-ден астам адам тұратын ауылдарды жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту жоспарлануда. Осы орайда, Қызылорда облысының 96 ауылдық елді мекеніне жоғары жылдамдықты байланыс желісі салынады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.
«Облыстағы шалғай ауылдарға талшықты-оптикалы желі орнатылады. Бұл елді мекендерді жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, ұялы байланыс операторларына өздерінің базалық станцияларын орнатады. Сондай-ақ, ұялы операторлар 3G/4G технологияларын қолданады.
Сонымен қатар, аймақта соңғы екі жылда «Цифрлы Қазақстан» және «Ақылды қалалар» эталондық стандарты мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 50-ге жуық жоба іске асырылды. Бұдан бөлек, «автоматтандырылған жүйелерді орнату» жобасы шеңберінде жылдамдық өлшегішті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Юлия Тремасова
Сондай-ақ, қалаішілік қоғамдық көліктерде электрондық билет жүйесі іске қосылғаннан кейін аялдамаларда ақпараттық тақта қою жоспарлануда.
21 мамыр 2020 ж. 11 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области