Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 9 мыңнан астам қызылордалықтың жеке куәлігінің мерзімі өткен

9 мыңнан астам қызылордалықтың жеке куәлігінің мерзімі өткен

Kyzylorda-news.kz. Төтенше жағдай мерзімінде 9 мыңнан астам қызылордалықтың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Ішкі істер органдары өз тараптарынан ол азаматтарға ешқандай айыппұл салынбайтынын жеткізген болатын. Тұрғындар жеке куәліктерін 10 шілдеге дейін ауыстыруға мүмкіндіктері бар.
18-20 мамыр аралығындағы 3 күн ішінде облыс бойынша ХҚО-ға 3 мыңнан астам тұрғын жеке куәліктерін ауыстыруға құжаттарын тапсырған.
Естеріңізге сала кетейік, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филалы көші-қон басқармасы және облыстық білім басқармасымен бірлесіп, карантин уақытында куәлік мерзімі өткен соғыс ардагерлерінің, зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне барып, құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетті.
Енді жеке куәлік мерзімі өткен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар 1414 байланыс орталығына хабарласып, электронды өтініш білдіруге болады. Өтініш түскеннен соң мамандар үйлеріне барып, құжаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.
21 мамыр 2020 ж. 14 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области