Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстандық жүргізушілер енді тек жеке куәлікпен көлік жүргізе беретін болады

Қазақстандық жүргізушілер енді тек жеке куәлікпен көлік жүргізе беретін болады

Kyzylorda-news.kz. Мәжілісте ТМД-ға мүше мемлекеттердің автокөлік құралдарының жымқырылуына қарсы бірлесе күресуді күшейтуге бағытталған заң жобасы мақұлданды.
Мәжілістің жалпы отырысында заң жобасын таныстырған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қолданылған автокөлік саймандары техникалық құжатсыз сатылымға шығарылмайтынын мәлім етті.
«Ел ішінде біршама заңнамалық бастамалар легін, оның ішінде ішкі сауда ережелері турасында ережелерді енгіздік. Өткен жылдың маусым айында тиісті норма енгізіп, оған сәйкес автокөлік саймандары тек арнайы дүкендерде сатылуы керектігін бекіттік. Қазіргі таңда бұл арнайы дүкендердегі бақылау күшейтілді. Ломбардтағыдай, ендігәрі дүкен иесі сайманды сату үшін көліктің техникалық құжаты мен өзінің жеке куәлігін көрсетуі керек. Яғни көлік сайманы базарының өзінде қай сайман қай көліктен алынғанын біліп отырамыз», - деді Ерлан Тұрғымбаев.
Министр сонымен қатар ақпараттық жүйелер интеграциясы туралы да сөз қозғады.
«Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерінде 6 мың планшет бар. Автокөлікке қатысты мәліметтер базасы интеграцияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті норманы енгізіп, жүргізушіге міндетті түрде құқығын растайтын құжаттарды алып жүру ережесін алып тастағалы жатырмыз. Жеке куәлігі болса болды. Себебі қалған құжаттардың бәрін біз планшет арқылы көріп отырамыз. Жүргізушінің қандай көлігі бар, қанша сенімхат жазылды, сақтандыру полисі қашан аяқталады, техникалық тексерістен қашан өтті, айыппұлы қанша – бәрі де планшетте көрініп тұрады. Сонымен қатар біз планшеттердің бәрін қазір көшедегі видеокамералармен интеграциялап жатырмыз», - деді ол.
20 мамыр 2020 ж. 12 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области