Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Балабақша дауы: Ақжарма ауылының тұрғындары екіге бөлінді (видео)

Балабақша дауы: Ақжарма ауылының тұрғындары екіге бөлінді (видео)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысына қарасты Ақжарма ауылының балабақша меңгерушісі карантин талаптарын орындамағыны үшін жазаланған. Сот айыппұл төлеуге міндеттеген. Бірақ іс мұнымен бітпепті. «Астана» телеарнасының редакциясына хабарласқан тұрғындар бұл мәселеге араласуын сұраған.
Олардың айтуларынша, ауыл әкімі балабақша меңгерушісіне қиянат жасауда.
Даудың басы 14-ші сәуірде басталған. Карантин енгізілуіне орай, балалар үйге босатылғанымен балабақша қызметкерлері жұмысқа шыққан.
«Оларды жұмысқа шығаруға ауыл әкімі міндеттеді», – дейді мекеме меңгерушісі.
«Карантинге байланысты бес адамнан артық жиналуға болмайды деген қаулыларды мен әкімге барып айттым. Әкім: қыздарын тегін айлық алмайды, қызметкерлерді екі бөліп таста, азанда 13 адам, түстен кейін 12 адам жұмысқа келеді, тегін айлық алмайсындар, жұмыс жасайсың, әктеп-краскілейсіңдер, деп мені қайтарып жіберді. Маған бағынбасаңыз, жұмыстан шығарып жіберем деді», – дейді «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі Ақкенже Шамшатова.
Жөндеу жұмыстарын істеген олар үзіліс жасап, іште шәй ішкен. Бірі сол сәтті «тарихи» деп бағалап, суретке түсірген. Айтуларынша, сол сурет әкімге жетіп, ол «той тойладыңдар» деп айыптаған. Тіпті «әлеуметтік желіге жариялаймын деп қорқытты», дейді олар.
«Аяқтан шалып тұрған нәрсе бұл. Мысалы, бірінші сәуірде Қалданбек деген ата бар, соның үйінде той болды. Негізі сол тойды айтпайды? Ауыл әкімі ішке де келіп айтып кетті. Осылардын бәрін тазарту керек, осылардың бәрін құрту керек деп тұрып айтты. Сонда не, сол асырай ма бізді, бала-шағамызды?», – дейді «Бүлдіршін» балабақшасының тәрбиешісі Мырзагүл Мамбетова.
«Ауыл әкімі Ерлан Ешмұратов 15 күні маған звондады: Фейсбукке суретің шығып тұр, салып жібердік, сен жұмыстан кетесің деді. Сот болды. Сот 15 адамға қаулы шығарды, штраф салды 28 мыңдай. 15 қызметкердің ішінде менде бармын. Штрафпен қалсын деп сот солай шығарды қаулысын. Бірақ әкім келіспей отыр, басқа адам қоямын, менің өзімнің адамдарым бар деп», – дейді «Бүлдіршін» балабақшасының меңгерушісі Ақкенже Шамшатова.
Ауыл әкімі бұл келеңсіздіктің бір ұшы өзіне де таяқ болып тигенін айтады. Бірақ балабақшада сол күні ештеңе тойланбағанын мойындайды.
«14 сәуір күні сол балабақша қызметкерлері іште отырған. Бас қосу емес. Шәй ішкен. Сол әлеуметтік желілерге жарияланған. 3 сәуір күні шақырып алып, мен тапсырма бергенмін: бес адамнан артық жиналуға болмайды, күнделікті бес адам шақырылады. Аудандық РОВД бүкіл 15 қызметкер тергеліп, 10 МРП барлықтарына сот арқылы айыппұл салынды. Маған сөгіс берді аудан әкімі. Конкурсты біз жариялаймыз», – дейді Ақжарма ауылының әкімі Ерлан Ешмұратов.
Балабақша меңгерушісі де ауданға шақыртылыпты. Жергілікті атқамінерлер орнын босатуды талап еткен, тіпті бопсалап, қорқыту арқылы арыз жаздыртып алғанын айтады. Аядай ауыл тұрғындары қазір екіге бөлінген. Бірі балабақша меңгерушісін қайтаруды талап етеді. Екіншісі әкімнің ісін жақтайды.
«Мен өзім күнде садикке апарамын екі немеремді. Бұл Ақкенженің бұған еңбегі сініріп жатқан еңбегі жақсы, басқа бастықтардай емес. Бұл балдар мен бірге жүрді, тәрбиешімен бірге жүрді, ұйықтамаса ұйықтамады. Өтінеміз, үлкен, жоғары жақ осыны тыңдаса екен», – дейді Ақжарма ауылының тұрғыны Гүлнарай Ишан.
Тұрғындар бұл іске облыс басшылығы мен заң орындары араласып, істің ақ-қарасын ажыратып берсе дейді.

20 мамыр 2020 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области