Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында 276 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады

Қызылорда облысында 276 инфрақұрылымдық жоба іске асырылады













Kyzylorda-news.kz. Биыл Қызылорда облысында «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 9299 жұмыс орны ашылып, 500-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
«Бағдарламаның мақсаты - жұмыссыздық деңгейін төмендету, кадрлік әлеуетті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру. Сондай-ақ, жол картасында мынадай жұмыс түрлері мен объектілер бойынша инфрақұрылымдық жобалардың тізімі ұсынылды. Олар:
1) Әлеуметтік-мәдениет объектілерін – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;
2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз объектілері, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері, көппәтерлі тұрғын үйлер) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
3) Инженерлік-көлік инфрақұрылымын (кентішілік және ауылішілік жолдар, кірме жолдар, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы объектілері және құрылыстары) күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау;
4) Елді мекендерді абаттандыру. Яғни аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, қоршауларды, балалардың ойын және спорт алаңқайларын жайластыру »,- деді сала басшысы.
Қазіргі таңда 175 жобаның мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, мердігерлері анықталды. Мұнан өзге, 25 жоба бойынша келісім шарт жасалып, 74 азамат жұмысқа тартылды.
Айта кетейік, жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға, оның ішінде денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға студенттерді жұмысқа орналастыруға басымдық беріледі.
Құрметті қызылордалықтар, бағдарламаға қатысу үшін сіз алдын ала жұмыссыз тұлға ретінде жұмыспен қамту орталығына хабарласып, тіркелуіңізге болады.
19 мамыр 2020 ж. 13 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области