Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жалағашта есептегі еріктілер зейнеткердің үйін шатырлап берді

Жалағашта есептегі еріктілер зейнеткердің үйін шатырлап берді

Kyzylorda-news.kz. Жалағаш ауданында еріктілер жалғызбасты зейнеткердің үйінің шатырын жөндеп берді. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Аудан жастарынан құрылған «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мен аудандық пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар арасынан еріктілер тобы құрылып, өз қаражаттары есебінен, тұрмыс жағдай төмен зейнеткердің үйін шатырлап берді.
«Жалғызбасты зейнеткер қыс-көктем айларында қиналғанын айтты. Қыста сыз тартып, көктемде жаңбыр жауса, шатыры болмағандықтан төбесінен су ағатын үйде жалғыз өмір сүріп келеді. Қиын жағдайдағы әжейдің тұрмысымен танысқан есептегі азаматтар, қол қусырып отыра алмады. Тез әрі жылдам шешім қабылдып, шатырға қажетті заттарды өз қаражаттары есебінен алып, сауабы мол іс тындырды», - делінген хабарламада.
«Жас келсе, іске» демекші, бұл азаматтар өмірде шалыс басса да, адамгершілік қасиеттерінен айныған емес. Үйінің шатырланғанын риза болған зейнеткер «Темірқазық» қоғамдық бірлестігіне және аудандық пробация қызметкерлері мен есептегі азаматтарға алғысын айтып, ақ батасын берді.
19 мамыр 2020 ж. 20 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области