Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада қарақұйрық атқан тұрғын ұсталды (ФОТО)

Қызылордада қарақұйрық атқан тұрғын ұсталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы тұрғынының көлігінен қарақұйрық денесі мен аңшы мылтығы табылды.
Шиелі аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерімен және «Охотзоопром» РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 18 мамырда Шиелі ауданы Телікөл ауылының «Камал» су скважинасының жанында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігінің бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

19 мамыр 2020 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области