Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына бір жарым миллиард теңгеден астам үстемеақы бөлінді

Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің еңбекақысына бір жарым миллиард теңгеден астам үстемеақы бөлінді

Kyzylorda-news.kz. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетовтың айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір - тамыз айларында COVID-19 коронавирусының таралуының алдын алу және инфекция жұқтырған науқастарды емдеуге өңірге 291,7 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы кезеңде эпидемияға қарсы шараларға тартылған медициналық немесе медициналық емес ұйымдардың қызметкерлеріне 1 555,4 млн. теңгеден астам үстемеақы қарастырылған. Жалпы, Қызылорда облысына қатерлі індетпен күреске шамамен 2 млрд. теңге бөлінді.
Еске салайық, Мемлекет басшысы індетпен күрес жүргізетін медицина қызметкерлерін қолдау міндетін жүктеді. Үкімет қазақстандық дәрігерлер үшін төлем мөлшерін бекітті. Қаулыға сәйкес, эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері 212 мыңнан 850 мың теңгеге дейін қарастырылған.
Қауіптілігі аса жоғары – жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (жалақының ең төменгi мөлшерi – 850 мың теңге).
Қауіптілігі жоғары – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 ең төменгі жалақы – 425 мың теңге.
Қауіптілігі орташа – карантиндік стационар дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 5 ең төменгі жалақы немесе 212,5 мың теңгені құрайды.
18 мамыр 2020 ж. 19 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области