Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арал ауданы Шижағада жаңа амбулаторияның іргетасы қаланды

Арал ауданы Шижағада жаңа амбулаторияның іргетасы қаланды

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Октябрь ауылдық округіне қарасты Шижаға елді мекенінде жаңа медициналық амбулаторияның іргетасы қаланды. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құрылыс басында болып, нысанның алғашқы кірпішін қалады. Ауыл тұрғындарының қуанышымен ортақтасқан аудан басшысы жауапты мамандарға құрылыстың сапалы жүргізілуі мен уақытылы аяқталуын тапсырды.
Аталған нысанның құрылысы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жүргізіледі. Құрылыс жұмыстарын өткізілген конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаз болып танылған мердігер «Алемстрой-1» ЖШС жүргізуде.
Қазіргі таңда құрылыс алаңында барлық қажетті техникалар мен материалдар жеткізілген. Ғимарат құрылысы шілде айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.


18 мамыр 2020 ж. 17 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области