Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сыр спортшылары жаттығуды бастады

Сыр спортшылары жаттығуды бастады

Kyzylorda-news.kz. Мамыр айының басынан бастап, спортшыларға жаттығуларды бастауға рұқсат берілді. Сыр спортшылары да оқу-жаттығу процестерін, алдағы жарыстарға дайындықты бастап кетті. Əрбір жаттығу алаңында спортшылар саны 50-ден аспауы тиіс.
Маусым айының ортасынан бастап, спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында облыс біріншіліктерді өткізу жоспарлануда. Əрі қарай күнтізбелік кестеге сəйкес кешенді жарыстар біртіндеп басталады.
Нұржан Смаханов, ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы
" Коронавирус індетінің кесірінен спорт додалары тоқтатылып, жарыстар да өтпей қалды.Тіпті Олимпиада ойындары да кейінге шегерілді. Бұл жағдайға қарамастан ауыр атлетика бөлімшесінің спортшылары жаттығуларды онлайн түрде өткізді. Яғни Whats App желісі арқылы күнделікті жасауға қажетті жаттығулар тізімін жіберіп, қадағалап отырдым. Спортшыларға зілтемірсіз үй жағдайында жаттығу жасау қиынға соқты, десе де дене жаттығуларын жасап, шынығып отырды. 11-мамырда төтенше жағдай режимі аяқталды, бірақ карантин толықтай аяқталған жоқ. Біз қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, оқу-жаттығу процесін бастап кеттік. Яғни жоғары спорт шеберлігі тобында 6 спортшы, спорттық жетілдіру тобында 8 спортшыдан жаттығып жатыр. Алда көптеген жарыстар жоспарланған. Енді жарыстарға қарқынды дайындалып, жаттығу процестерін үдетеміз", - деді.





18 мамыр 2020 ж. 16 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области