Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚМДБ жауап берді: Қазақстанда Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

ҚМДБ жауап берді: Қазақстанда Қадір түнін мешітте қарсы алуға бола ма?

Kyzylorda-news.kz. 18 мамырдан бастап қазақстандықтарға мешітке кіруге рұқсат беріледі. Алайда мұсылмандарға Қадыр түнін үйде қарсы алу ұсынылды.
18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.
«Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады», – деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылады.
«Жыл сайын Қадір түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадір түнін үйде өткізуді ұсынамыз», - деді ҚМДБ.
Қадір түні мамырдың 19-нан 20-сына қараған түні кіреді.
«Жамағат намазы: бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды», деп нақтылады діни басқарма.
Мешіттегі неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.
14 мамыр 2020 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области