Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Күн көзі коронавирусты өлтіре ме?

Күн көзі коронавирусты өлтіре ме?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева жаз уақытында коронавирустың қалай таралатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Жазда күн көзі қатты. Ал ультракүлгін сәулелер көптеген патогендік вирус пен бактерияны өлтіреді. Әрине, бұл – жақсы жаңалық. Бірақ маңызды бір мәселені ұмытпауымыз қажет. Бұл вирус тыныс алу жолдарындағы жасушалар арқылы таралады. Ол жерге ультракүлгін сәулелер түспейді. Мәселе сонда», - деді Баешева бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, жазда адамдар бір жерде жиналып отырмайды. Көшеге шығып, бір-бірінен алшақ жүреді. Ал үйде отырса, терезе мен есікті жиі ашып, желдетіп жатады. Бұның бәрі вирустың таралуына жол бермейді.
«Дегенмен, арақашықтықты сақтау қажет. Адамдар бір-бірінен кем дегенде бір метр алшақ жүруі керек. Негізі талап бойынша 1-2 метр болуы шарт. Біздің негізгі мақсатымыз – вирусты бір-бірімізге таратпау. Ал инфекцияны көбейтпеу үшін оның тізбегін үзу керек. Бұл ретте гигиенаны да ұмытпағанымыз жөн», - деп атап көрсетті Баяешева.
14 мамыр 2020 ж. 24 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области