Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады

WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады

Kyzylorda-news.kz. WhatsАpp арқылы жаппай видеоқоңырау шалу енді бәріне қолжетімді болды.
WhatsАpp арқылы жаппай видеоқоңырау шалу енді бәріне қолжетімді болды. Жаңа өзгеріс iOs және Android-та енгізілген, деп хабарлайды ixbt.com сайты.
Әйгілі WhatsАpp мессенджерін жасап шығарушылар командасы қарапайым пайдаланушылар үшін видеоқоңырау шалу кезінде оған қатысушылар санын көбейтті. Соңғы уақытта бұл қызмет түрі желіде көп талқыланған.
Бұған дейін осы функция қосымшаның бета-нұсқасында тесттік режимде қолжетімді болған. Тестілеу өткен аптадан бері жүргізілген.
Енді кеңейтілген лимиті бар WhatsАpp-ты iPhone үшін App Store-дан және Android смартфондары үшін WhatsАpp сайтынан (2. 20.141 нұсқа) жүктеп алуға болады. Бұл жаңалық шыққан уақытта Google Play-де қосымшаның ескі нұсқасы ғана қолжетімді болған.
Жаңарту топтық қоңырауға бұрынғы төрт адамның орнына енді сегіз адамды қосуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл функцияны жасап шығарушылар осындай қоңыраулардың қорғалғанын және шифрланғанын айтады. Бұл ретте барлық қатысушылар WhatsАpp-тың cоңғы нұсқасын пайдалануы тиіс.
Жаңа нұсқадағы ІPhone пайдаланушылары үшін iOS 13 дизайнына сәйкес жаңа интерфейс құрылды, соның ішінде хабарламаларды басқарудың жаңартылған мәзірі пайда болды.
16 мамыр 2020 ж. 87 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области